1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Бокс
Бүгін 21:20
 
Аса ауыр салмақтағы чемпиондық жекпе-жек жылдам нокаутпен бітті

  Пікірлер

blog.share

Аса ауыр салмақтағы чемпиондық жекпе-жек жылдам нокаутпен бітті ©

Германияның Мангейм қаласында аса ауыр салмақтағы IBF European чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті. Рингте жеңіліп көрмеген неміс боксшысы Эмануэль Одиасе (11-0, 9 KO) мен британиялық Ник Уэбб (19-4, 5 KO) қолғап түйістірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта Эмануэль Одиасе анық басымдық тантты, ол қарсыласын арқанға тақап қойып, жойқын соққылар сериясын жасады.

Ник Уэбб ауыр қысымға төтеп бере алмай, бірнеше соққыны өткізіп алып, ақыры ринг еденіне құлады. Британиялық боксшы орнынан әзер көтеріліп, кездесуді жалғастырған жоқ. Осылайша төреші неміс спортшысының мерзімінен бұрын жеңісін тіркеді.

Осылайша, Эмануэль Одиасе IBF European белбеуін жеңіп алып, мінсіз рекордын сақтап қалды.

Сондай-ақ, ол Еуропадағы болашағынан зор үміт күттіретін аса ауыр салмақтағы боксшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!