"Ары қарай жалғастыра алмады". 17 нокауты бар Тұраров спаррингте қарсыласын бір соққымен сұлатқаны жайлы

Сурет: Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-та спарринг серігін нокаутқа қалай түсіргенін айтып берді. Оның сөзінше, дайындық кезінде мұндай жиі болып тұрады екен. 

Тұраров рингке бір жылдай шықпады, ал қазір кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. 

"Бұл спарринг кезінде болды: дәл тиді де, ол құлап қалды. Мұндай жиі болады. Әсіресе Америкада. Мұнда спарринг серік болатын боксшылар көп. Соның біреуі осындай соққыға түсіп қалды. Ары қарай жалғастыра алмады. Тоқтатып тастады", - дейді Тұраров. 

Айта кетейік, жеңіл салмақта жұдырықтасатын 29 жастағы Тұраров кәсіпқой бокста он жылдай өнер көрсетіп жүр. Ол жекпе-жектерін Қазақстан, АҚШ, Доминикан республикасы, Колумбия мен Ұлыбританияда өткізген. Жаңқош кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын жеңіп алған.

17 нокауты бар Жанқош Тұраров АҚШ-та спарринг серігін бір соққымен есінен тандырды
Жаңалықтар