Тұраров рингке бір жылдай шықпады, ал қазір кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр.
"Бұл спарринг кезінде болды: дәл тиді де, ол құлап қалды. Мұндай жиі болады. Әсіресе Америкада. Мұнда спарринг серік болатын боксшылар көп. Соның біреуі осындай соққыға түсіп қалды. Ары қарай жалғастыра алмады. Тоқтатып тастады", - дейді Тұраров.
Айта кетейік, жеңіл салмақта жұдырықтасатын 29 жастағы Тұраров кәсіпқой бокста он жылдай өнер көрсетіп жүр. Ол жекпе-жектерін Қазақстан, АҚШ, Доминикан республикасы, Колумбия мен Ұлыбританияда өткізген. Жаңқош кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын жеңіп алған.
17 нокауты бар Жанқош Тұраров АҚШ-та спарринг серігін бір соққымен есінен тандырды