Бокс
25 тамыз 2022 07:51

Артықшылық па? Головкин "Канелодан" айырмашылығын айтты

©twitter.com/GGGBoxing

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек алдында бокстағы мұрасы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек 24 күннен кейін Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді. 

"Мен өз мұрам барын және артымда не қалдыратынымды білемін. Уақыты келгенде немерелерім болса, оларға рингте не істегенміді және қалдырғанымды айтып беремін. Мені көптеген мексикалық жақсы көреді, ал Қазақстанда "Канелоны" ешкім ұнатпайды", - деп береді Головкиннің сөзін Boxingscene.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport