"Артық сұрақ болмауы керек". Стангрит Әлімханұлының әлемнің экс-чемпионымен жекпе-жегі жайлы пікір білдірді

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) америкалық Роб Брантқа (26-2, 18 КО) қарсы жекпе-жегі қазақстандықтың мансабындағы маңызды қадам. Бұл пікірді FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит білдірді. Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында ол Жәнібектің алдағы жекпе-жегі жайлы да айтып өтті. 

"Бұл сөзсіз жақсы жекпе-жек. Егер Әлімханұлының қарсыластарын ашып қарасақ, Брант сияқты мықты боксшыны табу қиын. Оның үстін ол орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Сондықтан бұл жекпе-жек жақсы қадам. Әлемнің экс-чемпионын жеңу - өзіңді басқа қырыңнан көрсетудің жақсы мүмкіндігі.

Оппозицияның өсіп жатқанын есептесек, Брантпен кездесу сауатты қадам болғалы тұр. Оныншы жекпе-жек үшін толықтай.

Кездесу туралы анау дұрыс емес, былай жасау керек деген сынды артық сұрақ болмауы керек. Барлығы сауатты жасалып жатыр. Бұл жақсы жекпе-жек", - дейді Стангрит.

Естеріңізге сала кетейік, Брант WBA титулын жапондық Риота Муратадан жеңіп алған еді. Алайда қарымта кездесуде америкалық жеңіліс тауып, белбеуден айырылып қалған болатын.  

Әлімханұлы Роб Братпен алдағы жазда кездесуі ықтимал.