Бокс
16 маусым 2021 18:42
 

"Арты төбелеске ұласып, пышақ сұқты". Бапкер қазақстандық боксшы жараланған жанжалдың себебін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Арты төбелеске ұласып, пышақ сұқты". Бапкер қазақстандық боксшы жараланған жанжалдың себебін айтты Видеодан алынған кадр

Өткен аптада қазақстандық былғары қолғап шебері Михаил Коханчикті (2-0, 2 КО) жекпе-жек алдында белгісіз біреулер пышақтап кеткен болатын. Осыған орай Vesti.kz тілшісі спортшының жекпе бапкері Юрий Яновпен тілдесті.

blog.share

Өткен аптада қазақстандық былғары қолғап шебері Михаил Коханчикті (2-0, 2 КО) жекпе-жек алдында белгісіз біреулер пышақтап кеткен болатын. Осыған орай Vesti.kz тілшісі спортшының жекпе бапкері Юрий Яновпен тілдесті.

"Ол әлі ауруханада емделіп жатыр. Жағдайы бір қалыпты. Өкінішке қарай Михаил көшеде жақын достары мен қыз үшін белгісіз біреулермен жанжалға араласқан. Нәтижесінде арты төбелеске ұласып, Михаилға пышақ сұққан. Алайда біздің тарапымыздан ол адамдарға қарсы ешқандай арыз жазылмады. Ең бастысы Михаилдың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оған тек емделу қажет. Жоспар бойынша ол 10-шілде Дәурен Елеусіновпен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда осындай оқыс оқиғаға байланысты бокс кешіне қатыса алмайды. Барлығы жақсы болып жатса жылдың соңында ринг төріне шығып қалар деп үміттенеміз", - дейді Юрий Панов.

Еске салсақ, Михаил Коханчик 10-шы шілде күні MTK Global Kazakhstan менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде Дәурен Елеусіновпен бірге кездесуі тиіс еді.

Жарнама

Живи спортом!