Қазақстандық Қуаныш Бабакаев Минскте өткен алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Кәсіпқойдағы бірінші айқасына ол ауыр салмақтағы Жан Кособуцкиймен (17-0, 16 КО) дайындалды.
35 жастағы қазақ боксшы жедел әрекет ететін арнайы жасақ взводының командирі болып қызмет атқарады (СОБР). Жартылай ауыр салмақтағы кездесуде ол 27 жастағы өзге дебютант Артем Шевровты ұпай санымен жеңді.
"Тамаша айқас болды, - дейді Кособуцкий. - 35 жаста? Ол бізбен жаттығып жүреді және көптен бері рингке шыққысы келген. Енді оның арманы орындалды".