Бокс
23 қыркүйек 12:12

"Әрқашан дайын бол". Баходир Жалолов қуатын көрсетті

©Өзбекстан бокс федерациясы

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов (15-0, 14 KO) жаттығу залындағы видеосын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ауыр салмақта жұдырықтасатын өзбек боксшысы бокс қапшығына соққылар жасауды пысықтаған сәтін көрсетті.

"Әрқашан дайын бол", – деп жазды Жалолов әлеуметтік желіде.


Еске салайық, Баходир кейінгі жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, украиналық Игорь Шевадзутскийді (12-3, 10 KO) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport