Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов (15-0, 14 KO) жаттығу залындағы видеосын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыр салмақта жұдырықтасатын өзбек боксшысы бокс қапшығына соққылар жасауды пысықтаған сәтін көрсетті.
"Әрқашан дайын бол", – деп жазды Жалолов әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Баходир кейінгі жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, украиналық Игорь Шевадзутскийді (12-3, 10 KO) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Жарнама