Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Дубайда (БАӘ) өткізген 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында көпшіліктің қызу талқылауына себеп болған оқиға болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ресейлік боксшы Всеволод Шумков өзбекстандық Абдумалик Халоковтың құлағын тістеп алып, әлеуметтік желілерде үлкен шу тудырды.
"Всеволод Шумков IBA әлем чемпионатының финалында Абдумалик Халоковқа қарсы жекпе-жекте Майк Тайсонның ең “үздік” бейнесін көрсетті", - делінген британиялық бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинстің видеоға жазған сипаттамасында.
Соған қарамастан, жекпе-жек Шумковтың сенсациялық жеңісімен аяқталды - 4:3. Ал Абдумалик Халоков әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Vsevolod Shumkov doing his best Mike Tyson impression against Abdumalik Khalokov in the IBA World Championship final. pic.twitter.com/My29zuohB8
— Taylor O’Higgins (@TaylorOnSport) December 14, 2025
Жарнама