Бокс
2 тамыз 11:49

Әр раундта есеңгіретті. Қазақ боксшының АЧ-дегі айқасы нокаутпен бітті

©Instagram: boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Тимур Тайбеков Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U-19 және U-22) Азия чемпионатындағы айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Тайбеков сингапурлық Ли Райан Бенджаминмен кездесті. Жекпе-жек басталған сәттен бастап қазақстандық боксшы басымдықты өз қолына алып, әр раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп отырды.

Үшінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Тимур Тайбековтың техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Мұның алдында тағы бір қазақстандық бкосшы қарсыласының мұрнын бұзып жеңіске жеткен еді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport