auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Әр раундта бір нокдаун. Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын қансыратты

Екі боксшымыз жекпе-жекті нокаутпен аяқтады.

Әр раундта бір нокдаун. Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын қансыратты

Қазақстан құрамасының екі боксшысы Польшадағы әлем чемпионатының келесі айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz. Бірінші Сабыржан Аққалықов жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады, одан кейін Диас Молжігітов осы жетістікті қайталады. 

64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сабыржан испаниялық Фабио Маззилли Бласконы бірнеше рет нокадаунға түсірді. Ал кездесуді испаниялық боксшы белсенді бастаған еді.

Дегенмен қазақстандық боксшы қарсыласын есеңгіретіп қана қоймады, оның жойқын соққысынан испаниялық қансырай бастаған екен. Үшінші раундта төреші айқасты тоқтатты. Келесі жекпе-жегінде Аққалықов беларуссиялық Александр Доунармен жұдырықтасады. 

75 келі салмақтағы Диас молдовалық Святослав Воскресенскиймен айқасын бірден нокдауннан бастады. Молжігітов қарсыласын бірінші, екінші раундта да есеңгіретті, осыдан кейін айқас тоқтатылды. Алайда қарсылас "I'm ready" деп наразылығын білдірген болатын. Диас келесі кездесуінде венесуэлалық Джереми Альварес Леонмен рингке шығады. 

 Еске салайық, мұның алдында әлем чемпионатының екінші айналымына өзге үш қазақстандық боксшы шыққан болатын. Ерболат Сабыр (56 келі) 1/8 финалда латвиялық Матвейс Прокудинспен, ал 60 келідегі Елнұр Сүйінбай словакиялық Адольф Станекпен кездесу өткізеді.

Ауыр салмақтағы Мәди Әміров (91 келі) Италия чемпионы Лука Тистареллиді жеңді, ал екінші айқасында иорданиялық Турки Аль-Равашдехпен жұдырықтасады.

Төрт қазақстандық жарыс жолынан шығып қалды: Кенже Мұратұлы (52 келі), Нұржан Амангелді (69 келі), жартылай ауыр салмақтағы Ерасыл Жақпеков (81 келі) және суперауыр салмақтағы Аманат Сабырғали.

Ал қыздар командасындағы барлық он боксшы жарысты жалғастыруда. 

Әлем біріншілігінің финалы 22-23 сәуірге жоспарланған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар