Сайтамадағы Super Arena шаршы алаңында өткен өте жеңіл салмақта WBC, WBA Super және IBF белбеуі үшін жапониялық Наоя Иноуэ (22-0, 19 КО) мен филиппиндік Нонито Донэйр (42-6, 28 КО) арасындағы қарымта айқас нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Иноуэ бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Донэйр тұрып, жекпе-жекті жалғастырды.
Екінші раудта жапониялық боксшы филиппиндікті тағы есеңгіретті, де кездесуді аяқтауға кірісті. Бірнеше ауыр соққы өткізіп алған Донэйр тағы құлады, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
2019 жылы өткен айқаста Иноуэ төрешілер шешімімен жеңген болатын.