Бокс
Бүгін 16:25

"Әр нокдаун үшін 100 доллар". Бапкері қазақ боксшыны жеңіске өз қалтасынан ынталандырып жатыр

©

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықовтың жеке бапкері 2026 жылғы Азия чемпионатында шәкіртін ынталандырып жатқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан додада 75 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалында Сабыржан Аққалықов алаң иесі Далай Ганзоригті үш рет нокдаунға түсіріп, жекпе-жекті екінші раундта мерзімінен бұрын аяқтады. Осы жеңістің арқасында қазақстандық боксшы финалға жолдама алды.

Жекпе-жектен кейін боксшыға жеке бапкері Александр Насибулин өз атанынан қаржылай сыйақы берді. Жаттықтырушы әр нокдаун үшін 100 доллардан беріп, жалпы сомасы 300 доллар табыстаған. "Ал финалда жеңсең 1000 доллар аласың" деп тағы қамшылап қойды. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport