Бокс
29 мамыр 15:45
 

Аңызды қорлау. Тайсонға 30 жас кіші блогерді нокаутқа түсіруге тыйым салып отыр

Аңызды қорлау. Тайсонға 30 жас кіші блогерді нокаутқа түсіруге тыйым салып отыр ©Fightnews.info

Жылдың атаулы жекпе-жегі - 57 жастағы Майк Тайсон мен 27 жастағы Джейк Пол арасындағы айқас келісімшартының кейбір қызықты жақтары белгілі болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Жылдың атаулы жекпе-жегі - 57 жастағы Майк Тайсон мен 27 жастағы Джейк Пол арасындағы айқас келісімшартының кейбір қызықты жақтары белгілі болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Халықаралық бокс даңқы залының (IBHOF) мүшесі, британиялық Карл Фрочтың сөзінше, құжатта бкос аңызы үшін бірнеше шектеу қойылған екен.

"Келісімшарт бойынша естігенім, Майк Полды бірінші раундта жеңетін болса, азырақ төлем алады. Ал нокаутқа түсірсе, тіптен аз алады. Қысқасы оның келісімшарты толықтай шектеулерден тұрады. Бұл қаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ, маған айтқаны сол - Тайсон Полды құлататын болса, аз ғана ақша алады", - деп береді Фрочтың сөзін Boxing247.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!