"Аңыз". UFC жеңімпазы әйгілі Олег Тактаров Головкин туралы ойын айтты

Бұрынғы UFC файтері, танымал актер Олег Тактаров IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, қазақстандық боксшы - аңыз адам және ол атақты боксшылардан әлдеқайда биік тұр.

"Геннадий Головкин - бокс аңызы. Бізде Костя Цзю өз кезінде сондай болған. Атақты боксшылардың тобы бар, Головкин бұл топтың биігінде тұр. Ол - аңыз жігіт. Маған оның бокс стилі қатты ұнайды", - деп келтірді Tofight.ru Тактаровтың сөзін.

Еске салайық, Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізді. Ол украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен кездескен болатын және сол кезде төрешілер даусын бірауыздан Головкинге берген еді.

Айта кетейік, Тактаров 1995 жылы "Ultimate Fighting Championship" (UFC) алтыншы турнирінің жеңімпазы.