Канадалық атақты боксшы Артуро Гаттидің 17 жастағы ұлы кіші Артуро Гатти Мексикада өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
The Ring басылымының мәліметінше, жасөспірім Мексикада анасы - марқұм чемпионның жесірі Аманда Родригеспен бірге тұрып жатқан. Қайтыс болу себебі әзірге белгісіз.
Әкесінің жолын қумақ болғанКіші Артуро Гатти бала кезінен бокспен шұғылданып, болашақта Олимпиада ойындарына қатысып, кейін кәсіпқой рингке шығуды жоспарлаған. Ол 2009 жылдың шілдесінде әкесі Бразилияда жұмбақ жағдайда қаза тапқанда небәрі бір жаста болған еді.
Жас боксшы белсенді жаттығып, әлеуметтік желілерде өзінің дайындық видеоларын жариялап отырған. Ол үнемі әкесінің жолын жалғастырғысы келетінін айтып жүрді. Оның тәлімгерлерінің қатарында аты аңызға айналған Майк Тайсон да болған.
Қайғылы тарих қайталанып отыр2009 жылы үлкен Артуро Гатти өлімі үлкен дау туғызды. Бразилия билігі ол өз-өзіне қол жұмсады деп мәлімдегенімен, туыстары мен жақындары мұнымен келіспеді.
Кейінгі тәуелсіз сараптама Гаттидің өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес екенін растады. Оның жесірі Аманда Родригес өлімге күдікті ретінде ұсталды, бірақ, 18 күннен кейін оны айып тақпай босатты.
Чемпионның мұрасыҮлкен Артуро Гатти екі дүркін әлем чемпионы, өзінің буынындағы көреремен сүйіп көретін боксшыларының бірі болған. Ол 49 жекпе-жек өткізіп, оның қырқында жеңіске жеткен, 31 нокаут. 2013 жылы оның есімі Бокстың халықаралық даңқ залына жазылды.
Гатти сондай-ақ HBO Boxing дәуірінің символы Микки Уордпен аңызға айналған трилогиясымен есте қалған.