Бокс
3 маусым 2025 09:19

Аңыз боксшы залға бара жатып көз жұмды

©Global Look Press

Өз заманындағы үздіктерінің бірі деп мойындалған ямайкалық Майк Маккаллум 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Vesti.kz Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

2003 жылы оның есімі Халықаралық бокс даңқ залына жазылды. Маккаллум техникалық шеберлігі, жоғары төзімділігі және дәл соққыларымен ерекшеленді. Кәсіпқой карьерасында ол 49 жеңіске жетіп, 5 рет жеңілді және 1 жекпе-жекті тең аяқтаған. Ал 36 жеңісі нокаутпен аяқталған.

Ол үш салмақта әлем чемпионы болған. Оның ең маңызды жеңістерінің қатарында — Дональд Карриді нокаутқа түсіру және Джеймс Тони, Стив Коллинз, Майкл Уотсон сияқты атақты қарсыластарымен өткен айқастар еді. Маккаллум үлкен жетістіктерге жетсе де, көпшілікке кеңінен танымал бола қоймады, бірақ, бокс сарапшылары мен жанкүйерлері оны жоғары бағалады.

Кәсіпқой карьерасын аяқтаған соң Маккаллум Лас-Вегаста бапкер болып, өз білімін жас боксшыларға үйретті.

Оның спортзалға бара жатқан жолда көз жұмғаны хабарланды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport