Үш салмақта әлем чемпионы болған Хуан Франсиско Эстрада (42-3, 28 КО) екінші ең жеңіл салмақта WBA Super белбеуінен бас тартты, деп хабарлайды Boxingnews24.com.
Аңызға айналған мексикалық боксшы WBA World титулына ие америкалық Джошуа Франкомен (18-1-2, 8 КО) жұдырықтаспас үшін белбеуден бас тартып отыр.
Франкомен айқас орнына Эстарданың командасы қаржы жағынан әлдеқайда ұтымды никарагуалық Роман Гонсалеспен (51-3, 41 КО) үшінші жекпе-жек өткізбек. Текетірес есебі әзірге бірде-бір.