Анық сенсация! Жәнібектен қашқан экс чемпион ауыр нокаутқа түсті
Мексиканың Тихуана қаласындағы бокс кешінің басты айқасында бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (44-2, 35 КО) күтпеген жерден франциялық Бруно Сурастан (26-0-2, 5 КО) жеңіліп қалды.

Мунгия бұл кездесудің фавориті еді және екінші раундта қарсыласын ұрып құлатты.
Алайда Сурас аяққа тұрып, ары қарай жұдырықтасты.
Surace fell right on the ringside cam ?? pic.twitter.com/VYzPHFS8L4
— Top Rank Boxing (@trboxing) December 15, 2024
Ал алтыншы раундта Мунгия қарсыласының ауыр соққысынан өзі ұшып түсті. Ол аяғына тұрғанымен, төреші Мунгияның жағдайын көріп жекпе-жекті тоқтатты.
HUGE UPSET‼️
— ESPN Ringside (@ESPNRingside) December 15, 2024
BRUNO SURACE KNOCKS OUT JAIME MUNGUIA IN ROUND SIX ? #MunguiaSurace pic.twitter.com/OTjOdpe2Mh
Айта кетейік, Хайме Мунгия қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жекке шықпай қойған болатын. Осыған байланысты Хайме британиялық атақты промоутер Эдди Хирннің тарапынан сынға да қалған еді.
Жарнама