Сербияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Серік Теміржановтың айқасынан кейін қызық оқиға болды, деп хабаралайды Vesti.kz.
57 келідегі бірінші жекпе-жекте төрешілердің бәрі жеңісті қазақ боксшыға берді.
Жеңімпазды атаған кезде Теміржановтың бұрышы (қызыл) айтылғанымен, жеңген боксшының аты-жөнін жариялар кезде моңғолиялық Энкх-Амар Хархуудың аты аталды. Осылайша, рингте біраз түсініспеушілік болып, дегенмен, ары қарай жарысты Серік жалғастыратын болды.