Бокс
18 қыркүйек 09:25
 

Англияда қазақ боксшыларды төрешілер аяқтан қалай шалғаны ашық айтылды

  Пікірлер

blog.share

Англияда қазақ боксшыларды төрешілер аяқтан қалай шалғаны ашық айтылды ©ҚФФ

World Boxing ұйымдастыруымен Ливерпульде өткен 2025 жылғы алғашқы әлем чемпионаты әуесқой бокс үшін жаңа дәуірді бастап отыр, деп хабарлайды деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

World Boxing ұйымдастыруымен Ливерпульде өткен 2025 жылғы алғашқы әлем чемпионаты әуесқой бокс үшін жаңа дәуірді бастап отыр, деп хабарлайды деп хабарлайды Vesti.kz.

Британдық бокс шолушысы Тейлор О'Хиггинстің жазуынша, Қазақстан құрамасының боксшылары жарыста жоғары нәтиже көрсеткенімен, олардың жолы жарқын жеңістермен қатар қазылардың даулы шешімдерімен де ерекшеленді.

"Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финалда дәл және қуатты соққыларымен көзге түсті. Кубалық чемпион Хулио Сесар Ла Крусқа қарсы үшінші раундта Оралбай жекпе-жекті толық бақылауда ұстағандай көрінді – нокдаун және бірнеше таза соққылар тіркелді. Соған қарамастан, төрешілер бұл раундты 10-9 есебімен кубалық боксшыға берді. Ал сарапшылар бұл раунд 10-8 есебімен Айбектің пайдасына бағалануы тиіс болғанын атап өтті.

70 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан Алжир боксшысы Юсеф Ислам Яйшеге қарсы жекпе-жекте тұрақсыз бағалауға тап болды. Бірінші раундта төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Сабырханға берді, алайда, көрермендер мен сарапшылар алжирлік боксшы белсенді және соққыларды таза жасап, баысымрақ болды деген ойда. Екінші раундта Сабырхан айқын басымдық танытқанына қарамастан, қазылар раундты 4:1 есебімен Яйшеге беріп, жанкүйерлер мен мамандар арасында үлкен пікірталас тудырды.

Қазақстандық басқа спортшылар да қазылардың түсініксіз шешімдеріне байланысты өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмады. Сарапшылар мұны төрешілердің әлсіз дайындығымен және бағалау критерийлерінің нақты еместігімен байланыстырады. World Boxing ұйымының жүйені реформалауға тырысып жатқанына қарамастан әзірге осындай жағдайлар болып жатыр", – деп жазады О'Хиггинс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!