Ангелина Лукастың кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

©instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас өзінің келесі кездесуін 2 қазан күні Алматыда өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтты. 

Жекпе-жек алты не сегіз раунд болады. Бұл айқаста ең жеңіл салмақта UBO белбеуі сарапқа салынады. Ал қарсылас жуырда белгілі болады. 

Негізі осы кездесу 17 қыркүйек күні өтуі керек болған. Бірақ белгісіз себептерге байланысты кейінге шегерілді. 

Еске салайық, Лукас кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткен жылы желтоқанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Ол украиналық Светлана Василевскийге қарсы өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар