Бокс
Бүгін 11:26
 

Ангелина Лукас нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте бұрынғы абсолют чемпионнан асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Ангелина Лукас нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте бұрынғы абсолют чемпионнан асып түсті ©instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық Ангелина Лукас (17-1, 10 KO) 21 қарашада Германияда өткен бокс кешіндегі жарқын жеңісінен кейін әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Ангелина Лукас (17-1, 10 KO) 21 қарашада Германияда өткен бокс кешіндегі жарқын жеңісінен кейін әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лукас бұрынғы абсолют чемпионды басып озып, әлемдегі екінші боксшы атанды

Беделді BoxRec порталының мәліметінше, енді 29 жастағы спортшы аса жеңіл салмақтағы әлемнің екінші үздік боксшысы атанды. Ол тек Данияның әлемнің абсолют чемпионы Дина Торсландтан (25-0, 9 KO) ғана қалып келеді.

Сондай-ақ Лукас бұрынғы әлемнің абсолют чемпионы, аустралиялық Черника Джонсонды (19-3, 8 KO) басып озды.

"Бүгін – өмірімдегі ең бақытты әрі толқынысқа толы күндердің бірі! Біз Қазақстан әйелдер кәсіпқой боксының тарихын жазып жатырмыз! Мен үшін бұл рейтингтегі орын ғана емес. Оның артында талай жылдық ауыр еңбек, сынақтар, көз жасы және арманымның орындалатынына деген зор сенім тұр.

Қазір қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізе алмаймын... Бұл – айтып жеткізгісіз сезім! Эмоциямды тежей алмай, бақыттан жылап отырмын.

Осы уақытқа дейінгі жолымды, барлық қиындық пен әсіресе ауыр болған сәттерді еске алып отырмын. Бірақ мен алға жылжуды тоқтатпадым. Еліміздегі әрбір қызға айтарым: армандаңдар, өздеріңе сеніңдер және ешқашан берілмеңдер!

Маған сенетін, қолдайтын және қуанышымды бірге бөлісетін әр адамға рақмет! Сіздердің қолдауларыңыз маған алға ұмтылуға күш береді! Ендігі басты мақсатым – абсолют әлем чемпионы атану!" – деп жазды Лукас әлеуметтік желідегі парақшасында.

Германиядағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Еске салайық, 21 қарашада Ангелина Лукас (17-1, 10 KO) Германияның Ландсхут қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықты.

29 жастағы қазақстандық сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жекте аргентиналық Аньелен Эспиносамен (8-3, 0 KO) кездесті. Лукас жетінші раундта техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұл Ангелинаның Германиядағы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!