Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас келесі кездесуі қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"2022 жылдың соңына дейін тағы бір кездесу өткіземін. Айқас 10 раундтық болады. Сонымен қатар, әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Шаршы алаңға шығатын күнді асыға күтіп жүрмін. Қызық кездесу болатынына сенімдімін", - деп жазды Лукас Instagram парақшасында.
Еске салайық, Лукас 22 қазан күні Ыстабұл (Түркия) қаласында украиналық Алена Гуриеваға қарсы кездесу өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Ол жекпе-жекте қазақстандық UBO International белбеуін иеленді.