Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (17-1, 10 KO) Германияның Ландсхут қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жекте 29 жастағы қазақстандық боксшы аргентиналық Аньелен Эспиносамен (8-3, 0 KO) кездесті. Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды: жетінші раундта Лукас техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл Ангелинаның кәсіпқой карьерасында Германия аумағында өткізген алғашқы жекпе-жегі болды.
Осылай Лукас карьерасындағы жеңістер санын 17-ге жеткізді. Оның оны нокаутпен аяқталған. Ал Эспиноса сегіз жеңісінен бөлек, үшінші рет жеңілісіне ұшырады. Бұл оның мерзімінен бұрын жеңілген екінші жекпе-жегі болды.
Жарнама