Кәсіпқой боксқа ауысқан Ангелина Лукас әуесқой бокста ұлттық құрама мүшесі Назым Қызайбадың ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"12 раундтық кездесуге дайынмын. Өзімді жақсы сезінем және әрқашан бабымда жүремін. Кәсіпқой бокс федерациясының ережесі бойынша кәсіпқой қолғаппен (8 унция) және шлемсіз жұдырықтасайық. Реті келсе 15 күнннен кейін кездесейік. Алға! Бүгін 27 наурыз. Сағат 15:30. Күтемін", - деп жазды Лукас.
Еске салайық, осыған дейін Назым Қызайбай Ангелина Лукастың ұсынысын қабылдап, өзінің талабын қойған еді.