Америкалық сарапшы Канелоға қазақ боксшыдан қауіп төнгенін айтты

©instagram.com/canelo

Америкалық журналист Блейн Генри қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының болашағына қатысты пайымын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Егер Жәнібек Әлімханұлын бұрын білмесеңіз, енді білетін болдыңыздар. Ол бокстың 160 фунттағы болашағы!

Сіздер Канело, Фьюри, Усик сияқты ұлы боксшыларды білесіздер. Жәнібек 160 фунтта осындайға жетпек. Ол Чарло мен Лараны сабайды, ал одан кейін не болады? Ол өз салмағында абсолют атанып, 168 фунтқа өтеді (екінші орта салмақ), ол жерде Канелоға түседі, ал мексикалықтың солақай боксшылармен қиындытары бар. Назар салыңыздар, бұл жігіт - жыртқыш!", - дейді Генри. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport