Америкалық сарапшы Жәнібекке қазақ боксшымен жекпе-жек ұсынды

©Тop Rank

BoxingScene шолушысы Элиот Фостер Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (13-0, 8 КО) титулын отандасы Мейірім Нұрсұлтановқа (18-0, 10 КО) қарсы жекпе-жекте қорғауды ұсынды. 

Мейірімде WBO International титулы бар екенін айта кетейік. 

Мұның алдында WBO ұйымы Әлімханұлын британиялық Лиам Смитпен (33-3-1, 20 КО) жекпе-жекке міндеттеді. 

"Смит пен Әлімханұлы жекпе-жегі өтпей қалатын сияқты. Смит Юбенкпен қарымта өткізетін шығар. Рейтингте келесі тұрған Мунгия қазақстандықпен жұдырықтасқысы келмейтінін бірден айтты. Тізімде келесі Мейірім Нұрсұлтанов. Осы жекпе-жек қызықтырақ болатын сияқты", - дейді Фостер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар