Америкалық сарапшы Елеусінов титулды жекпе-жекте африкалық "Машинадан" жеңілетінін айтады

Сурет: dixinews.kz
Қазақстандық Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) пен бұрынғы әлем чемпионы "Көк машина" лақап атты Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) арасындағы жартылай орта салмақта IBF Intercontinental титулы үшін жекпе-жекте намибиялық боксшының басымдығы бар. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық World Boxing News порталының редакторы Фил Джей осындай пікір білдірді. 

"Хирн активін сондай қауіпке тігіп отырғаны таңқаларлық. Ол өте ұқыпты және мұқият еді, демек, Эдди боксшысының жеңісіне сенімді. Үлкен қауіп қазақстандық боксшының карьерасын өрге сүйрей алады. Алайда басты мәселе - ол мұндайға дайын ба? Данияр көп нәрсе үйренді, кәсіпқой бокстың ерекшелігін ұқты. Ол жас, жылдам, амбициясы бар, дегенмен, Индонго өте тәжірибелі. Меніңше, алдағы жекпе-жекте Елеусінов емес, Индонгоның жеңу ықтималдығы басым. Иә, Джулиус салмақ ауыстырды және ұзақ уақыт рингке шықпады, бірақ, ол өте мықты боксшы", - дейді Джей. 
Жаңалықтар