Бокс
18 маусым 2019 13:42
 
Америкалық сарапшы Ахмедовтың әлем чемпиондығы үшін жұдырықтасатын уақытты атады

  Пікірлер

blog.share

Америкалық сарапшы Ахмедовтың әлем чемпиондығы үшін жұдырықтасатын уақытты атады Сурет: Vesti.kz. Тұрар Казанғапов©

Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (15-0, 11 КО) келесі жылы суперорта салмақта чемпиондық белбеуді жеңіп алуы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер осындай пікір білдірді.

Сарапшы Ахмедовтың Геннадий Головкиннің андеркартында америкалық Маркус МакДэниэлді (15-1, 2 КО) нокаутқа түсіріп, тамаша жекпе-жек көрсеткенін айтады.

"Али Ахмедов - суперорта салмақтағы тамаша проспект. Ол жеңіліс көрмеген Маркус МакДэниэлден басым болды - төреші кездесуді үшінші раундта тоқтатты. Али - өте мықты боксшы, әсіресе осы дивизион үшін. Жақсы бапкер мен жарнамасы оңды болса, ол тура жолда. Ахмедов бұл салмақта 2020 жылы-ақ әлем чемпионы бола алады. Аздап тәжірибе жинақтап алса болғаны, мықты қарсыластарға дайын", - дейді Коппинджер.

Еске салайық, бұл жекпе-жекте Ахмедов суперорта салмақта бос болған WBC белбеуін жеңіп алды. Ахмедовтың ісін Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясы жүргізеді.

Жарнама

Живи спортом!