Бір кездері Геннадий Головкиннің ісін жүргізген америкалық промоутер Том Леффлер боксшының ҚР ҰОК президенті болып сайланғанына қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
"Геннадий Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті болғанына қуаныштымын. Бұл ол үшін лайқыты абырой, ол өз ісін өте жақсы атқаратынына сенімдімін. Өйткені оның әуесқой және кәсіпқой рингте тәжірибесі мол.
Геннадий рингте көптеген боксшылардан артық жетістікке жетті. Енді ол спорттық карьерасын мүлде басқа бағытта және ең бір лауазымды қызметте жалғастыруда, ол өз елі - Қазақстанды танытуда", - дейді промоутер The Ring журналына берген сұхбатында.