Америкалық маман Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеу үшін кездесу өткізетінін мәлімдеді

8 желтоқсан 2021 17:41
©Top Rank

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0-0, 7 KO) бос қалатын WBO белбеуі үшін кездесу өткізеді. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Delcotimes.com сайтының редакторы айтты. Ол сондай-ақ америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) бұл белбеуден не үшін бас тартатынын түсіндірді. 

WBO басшылары өткен аптада Деметриус Андрадеге Жәнібек Әлімханұлымен кездесу өткізуді міндеттеді. Бірақ америкалық боксшының промоутері Эдди Хирн болса бұл жекпе-жектің қызық емес екенін айтты. Егер екі команда айқас өткізу туралы желтоқсан айының ортасына дейін келіспесе, онда кездесу промоутерлік саудаға қойылады. 

"Андрадеге Әлімханұлымен жекпе-жек керек емес. Бұл америкалық үшін қауіпті айқас. Андрадамен кездесуден Головкин мен "Канело" да бас тартты. Чарломен де жекпе-жек ұйымдастыру қиын. Мұндай жағдайда оның бір ғана амалы бар - басқа салмаққа ауысу. Деметриус ірі денелі боксшы. Супер орта салмақта да өзін жақсы сезінеді. Егер "Канело" бұл салмақта чемпиондық белбеуді қалдырса, Андраде үміткерлердің бірі болады. Осы салмақта оған ыңғайлы қарсыластар да көп. Қазір америкалық осы нұсқаны қарастырып жатса керек. Ал қазақстандық боксшы болса бос қалатын орта салмақтағы белбеу үшін жұдырықтасады", - деді МакКаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар