Америкалық маман Әлімханұлының нокаутына таңдай қақты

© TopRank

 Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға (14-1-1, 8 КО) қарсы өткізген кездесудегі жеңісі қазақстандық боксшы үшін үлкен мүмкіндіктер ашты.  Бұл пікірді Delcotimes.com журналисі Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында білдірді.

Сондай-ақ маман Жәнібектің дәл қазір бабында екенін және кез-келген қарсыласты жеңуге шамасы жететінін айтты. 

"Боксшылардың Әлімханұлымен кездесуден неге қашатыны көпшілікке белгілі болды. Қазақстандық бабында тұр және ол кез-келгенін жеңуге шамасы жетеді. Дигнум басқа лиганың боксшысы екені мәлім. Ол жақсы спортшы, бірақ Әлімханұлы оның ең мықты қарсыласы" - дейді америкалық маман.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста Жәнібек британиялық қарсыласын нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport