Америкалық маман Әлімханұлының келесі қарсыласы кім болатынын айтты

©Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) лайықты түрде орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері атанды. Мұндай пікірді Vesti.k тілшісіне берген сұқбатында ұлыбританиялық журналист Бен Смит айтты. Әңгіме барысында ол отандасымыздың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екені туралы пікірін білдірді. 

Еске салайық, бүгін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ресми түрде Әлімханұлын чемпион деп жариялады. Себебі америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) титулдан бас тартты. 

"Әлімханұлы бірнеше жарқын жеңіске жетіп, чемпиондық белбеу үшін кездесуге өткізуге мүмкіндік алды. Андрадемен кездесуді көрмейтініміз өкінішті. Бұл бір тамаша айқас болатын еді. Енді чемпиондық белбеумен Әлімханұлына қарсылас табу оңай болады. Карьерасы өрлейтін болды. 

Енді қазақстандық оксшы чемпиондармен кездесе алады. Оның Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) немесе Хайме Мунгиямен (40-0, 32 КО) жекпе-жек өткізгенін көргім келеді", - деді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар