Бокс
27 желтоқсан 2022 18:27
 
Америкалық маман Али Ахмедовтің келесі кездесуіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Америкалық маман Али Ахмедовтің келесі кездесуіне болжам жасады ©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Америкалық журналист Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Али Ахмедов (19-1, 14 КО) пен франциялық Кристиан Мбили (23-0, 20 КО) арасындағы айқасқа болжам жасады. Әңгіме барысында ол қарсыластардың деңгейі туралы да айтты. 

Бұл боксшылар арасындағы айқастың өтетіні туралы шешім WBC ұйымының Конвенциясында қабылданған еді. 

"Бұл кездесу келесі жылы күзде өтуі мүмкін. Мбили мықты боксшы. Оның статистикасы да жақсы. Ал Ахмедов болса күтпеген жерден Гонгордан жеңіліп қалды. Бірақ Росадаға қарсы кездесуде ол да мықты екенін көрсетті. Егер бұл айқас өтетін болса, көрермендер үшін қызық болатын еді. 

Аталған айқаста мен басымдықты Мбилиге беремін. Ол тұрақты түрде кездесу өткізіп, ешқашан нокаутқа түспеген. Дегенмен Ахмедовтің де мүмкінді болады. Оны пайдаланса, Али жеңіп кетуі мүмкін", - деді МакКаферри. 

Еске салайық, 27 жастағы Ахмедов соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, америкалық Габриэль Росадоны төрешілердің шешімі бойынша жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!