ProBoxTV және Boxingscene.com шолушысы, америкалық журналист Люк Кетелль салмағына қарамастан әлемдегі ең мықты (pound-for-pound) боксшылардың өзі құраған рейтингін жариялады, деп жазады Vesti.kz.
Рейтинг басында ауыр салмақта абсолют чемпион - Александр Усик. Екінші орында америкалық Теренс Кроуфорд, ал үшінші жапониялық Наоя Иноуэ. Сауль Канело Альварес бұл тізімде бесінші. Ал 14-орында орта салмақта IBF және WBO титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы тұр.