Америкалық боксшы "Канелоны" анық жеңетін қарсыласты атады

©American Post

27 жастағы америкалық боксшы Кайрон Дэвис (16-3) екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес (26-0) осы дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альваресті (57-2) жеңетініне сенімді.

"Давид Альваресті жеңеді деп ойлаймын. Бенавидесте оған қажеттінің бәрі бар. "Канелоның" ринг ішіндегі қозғалыспен қиындықтары бар. Бенавидестің соққылары ауыр. Осының өзі төрешілер шешімімен жеңуге жеткілікті. Бенвидес - аш, дәті мықты, залда барынша дайындалады. Оның үстіне чемпион болған", - деп береді Дэвистің сөзін Fightthype.

Еске салайық, "Канелоның" өзі мексикалықтар болғандықтан Бенавидеспен де, Хильберто Рамиреспен (44-0) де жекпе-жекке шықпайтынын айтқан. Алайда сарапшылардың көбі Альварес құйтырқыға салып, қауіпті қарсыластардан қашып жүр деген пікірде. 

Айта кетейік, былтыр 14 қарашада Дэвистің өзі Банавидеспен жекпе-жекке шыққан. Айқастың жетінші раундында америкалықтың секунданттары ортаға ақ орамал тастаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар