Америкалық бапкер Жәнібек Әлімханұлының экс чемпионға қарсы жаттығуын көрсетті

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly©

Америкалық белгілі бапкер Бадди Макгирт қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) жаттығуынан үзінді көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz

Бокс маманы Instagram желісінде қазақстандықтың соққыларды жаттықтырып жатқан видеосын жариялады. 

"Кеңседе", - деп жазыпты Макгирт. 

Еске салайық, Жәнібек рингке 26 маусымда Лас-Вегаста шығады. Қарсылас әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО). Бұл кездесу украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) жекпе-жегінің андеркардында өтеді. 

Жаңалықтар