Америкалық атақты бапкер "Канелоның" Головкинге жасаған құйтырқының бетін ашты

© talkSPORT
Америкалық атақты бапкер, бокс маманы әрі сарапшы Тедди Атлас өзінің THE FIGHT with Teddy Atlas подкастында қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы текетірес туралы ойын айтты.

Оның сөзінше, "Канелоның" командасы Головкинмен жекпе-жек үшін өздеріне ыңғайлы сәтті күткен. 

"Альварес Головкинмен кездесу өткізу үшін оңтайлы сәтті күтті. Бәрі осы жекпе-жекті қалағанда барып жұдырықтасты. Головкиннің жасы ұлғайғанын тосып, бірнеше жылға созды. Оның көлеңкесі бүкірейе түскенін көрді, Геннадий үгіле бастаған еді. Олар дәл уақтты таңдады. Бұл өте ауыр айқас болды, дегенмен, олар жекпе-жекті бақылауында ұстайтын ұтымды жағдайда еді", - дейді Атлас. 
Жаңалықтар