Бокс
19 маусым 2019 10:12

Америкадағы қазақ боксшылар бір шоуда жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО), Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) пен Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) Челябіде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл бокс кешінің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


36 жастағы Ковалев (33-3-1, 28 КО) 14 қыркүйек Челябіде белбеуін қорғайды деген болжам бар. Ресейлік боксшының қарсыласы 27 жастағы британиялық Энтони Ярд (18-0, 17 КО) болады.

Ал чемпионның андеркартында бірден үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді деп күтілуде. Ковалев пен бұл боксшылардың менеджері бір - Эгис Климас. 30 жастағы Әшкеев (12-0, 6 КО) бұрын да Ковалевпен Ресейде бір шоуда өнер көрсеткен - 2016 жылдың 11 шілдесі Екатеринбургте. Сонымен қатар, ол ресейліктің Америкадағы екі жекпе-жегінің андеркартында да жұдырықтасқан.

Ковалевтің америкалық Андре Уордпен алғашқы жекпе-жегінің андеркартында 25 жастағы Нұрсұлтановтың (11-0, 8 КО) карьерасы басталған. Қазақстандық пен ресейлік боксшы тағы үш шоуда өнер көрсеткен.

26 жастағы Әлимханұлы ресейлік чемпионның андеркартында бір жекпе-жек өткізген - 2019 жылдың 2 ақпанында. Ол кезде Ковалев 12 раунд қорытындысы бойынша әлем чемпионы атағын қайтарып алды.

Айта кетейік, үш қазақстандық та америкалық промоутерлермен келісімсшартта: Нұрсұлтанов пен Әшкеев Main Events компаниясында, ал Әлімханұлы - Top Rank. Ковалевтің де ісін жүргізетін Main Events компаниясы мен ESPN арнасындағы жекпе-жектердің өтуіне жауапты Top Rank тығыз қарым-қатынаста.