Америкада қазақ боксшы "Канелоның" кейінгі қарсыластарының бәрін жеңетіні айтылды

27 желтоқсан 2021 12:57
©Allboxing

Boxingnews24.com порталы материалында автор Дэн Эмброуз мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) кейінгі қарсылатарын сараптап, оларды өзге боксшылар да жеңе алады деген шешімге келді. Ол боксшылар арасында Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) да бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шындыққа тура қарайық. "Канелоға" кейінгі үш жыл оңай тиді, ол суперорта салмақтағы әлсіз чемпиондарды - Калеб Плант, Билли Джо Сондерс, Каллум Смит және Рокки Филдингті жеңді. 

Олардың ешбірінде талант болмады, сондықтан "Канело" оларды оңай жеңді.

Екінші орта дивизионда ол чемпиондарды жеңе алатын он шақты боксшыны таңдай аласыз. Олар Давид Бенавидес, Габриэль Росадо, Эдгар Берланга, Асламбек Идигов, Леррон Ричардс, Айдос Ербосынұлы, Дэвид Моррель, Эрик Базинян", - делінген мақалада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар