Америкада Жәнібектің қиратушы күші жайлы жар салып жатыр

©TOP RANK

Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) ісін жүргізетін америкалық Top Rank промоутерлік компаниясы британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) болатын жекпе-жек туралы еске салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 12 қараша Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде айқасады. Бұл Жәнібектің WBO титулын алғаш қорғауы. 

Top Rank Жәнібек нокаутпен жеңетініне сенімді. 

"Қазақ стайлдың қалай қирататынын тамашалаңыздар", - делінген компнаия "твиттерде" жариялаған суретке жазбада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport