Америкада Головкиннің карьерасына "үкім" шығарып қойды

©twitter.com/GGGBoxing

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз қазақстандық Геннадий Головкиннің бокс элитасына оралу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя Головкин карьерасын қалпына келтіру үшін Хайме Мунгиямен айқасу керек деген еді. Ал Эмброуз бұған қатысты мынадай ойда:

"Де Ла Хойяның ойынша, Головкин үшін Мунгиямен айқас ең жақсы жол. Егер Головкин жеңсе, бірден бокс шыңына қайта шығады дейді Оскар, бірақ, бұған сену қиын.

Головкин Мунгияны бірдеңе қылып жеңсе де, ол Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Крис Юбенк немесе Жәнібек Әлімханұлы сияқтыларға шамасы келмейді. Головкин бұрынғыдай емес", - дейді сарапшы.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport