Бокс
4 мамыр 2022 12:23

"Америкада белбеу үшін жүрген жоқпыз". Әлімханұлы басты мақсатын айтты

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO "уақытша" чемпионы атағы үшін Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) болатын жекпе-жектегі басты мақсатты атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 21 мамыр Лас-Вегаста өтеді.

"Қазақ стилі дегеніміз - рингтің төрт бұрышын қолданып жүріп жұдырықтасу. Алда да, артта да жұмыс істеу,  қорғанып тұрып қарымта шабуыл жасау, қарымта шабуылдан кейін қорғану. Былайша айтқанда, 12 раундта 12 рет өзгеретін стиль. Рингке шыққан кезде қарсыласқа байланысты бейімделесің. Мықты қарсылас болса, неше түрлі тактика, неше түрлі жақын жекпе-жектер, неше түрлі алдаулар, неше түрлі қорғанулар көрсетуге болады. Біздің қазақ стилі өте бай. АҚШ-та бір белбеу үшін жүрген жоқпыз. Қазіргі мақсатымыз - қазақ стилін тарихта қалдыру. Өйткені бізді әуесқой бокста тани бергенімен, кәсіпқой бокста танып жатқаны аз", - деді боксшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport