"Сәуірде жекпе-жек, жақсы жаңалық күтіңіздер", - деп жазыпты боксшы Instagram желдісінде жариялаған жаттығу видеосының астына.
Әшкеев кейінгі рет 9 қараша АҚШ-тың Гавайан Гарденс қаласында жұдырықтасып, аргентиналық Родольфо Мартинесті (43-9-3, 16 КО) нокаутпен жеңген. Жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді де, аргентиналық алтыншы раундқа шығаудан бас тартты.
Осылайша, Әшкеев WBC (USNBC) тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта Америка чемпионы титулын жеңіп алды.