"Амалдың жоғынан". Еуропа чемпионы Головкинмен алдағы жекпе-жекке көнуі керек болғаны жайлы

Сурет: ringpolska.pl
Орта салмақта IBF белбеуіне міндетті қарсылас польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) алдағы жекпе-жек бойынша пікір білдірді. Боксшының сөзін Ringpolska.pl беріп отыр.

Шеремета - Головкин жекпе-жегі тамызға жоспарланып отыр, дегенмен, бұл уақыт әлі нақты белгіленбеді. Бокс кеші кәсіпқой спортшылар үшін шекарасын аша бастаған АҚШ жерінде және көрерменсіз өтеді. 

"Менің мақсатым - әлем чемпионы титулын жеңіп алу. Жанкүйерлерім белбеу үшін жұдырықтасқанымды өз көздерімен көргенін қалар едім. Бірақ амалдың жоғынан осыған көнеміз. Егер маған титул үшін көрерменсіз жұдырықтасу немесе мүлде жекпе-жекке шықпау таңдауы берілсе, біріншісін қалайтыным анық", - дейді Шеремета. 
Жаңалықтар