"Алыптар айқасы болды". Белгілі қазақ боксшы Фьюри мен Усик айқасында кімге жақтасатынын айтты
Қазақстандық былғары қолғап шебері Нұртас Әжбенов (11-1, КО 4) кәсіпқой рингтегі келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Бұл күндері оңтүстік астанада жаттығып жатқан боксшы дайындығы жайлы және Тайсон Фьюри мен Александр Усик айқасы турасында Vesti.kz тілшісіне пікірімен бөлісті.

- Нұртас, келесі жекпе-жегіңіз Мәскеуде болады деген ақпарат бар. Қарсыласыңыз белгілі болды ма?
- Қазіргі таңда Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмын. Дайындықтың жартысы Ресей астанасында болады. Сол жақта спарринг қарсыластармен жұмыс істейтін боламын. Алдағы қарсыласым әлі анықталмады. Жақын күндері белгілі болады. Жалпы кіммен шығатынымды іштей біліп тұрмын. Бірақ жуырда ресми ақпарат аласызар.
- Жақында Тайсон Фьюридің әкесі ұлының кезекті жеңісінен кейін ендігі қарсыласы тек Александр Усик болу керек. Себебі украиналықтан басқа мықты спортшыны көріп тұрған жоқпын деп еді...
- Тайсон Фьюри (31-0-1, КО 22) мен Деонтей Уайлдер (42-2-1, КО 41) арасындағы кездесу керемет өтті. Нағыз алыптар айқасы болды. Шынымды айтсам мұндай жекпе-жекті көптен бері көрмеп едім. Енді келесі қарсыласы Усик деп жатыр екен. Алдымен украиналық пен Джошуа реванш өткізуі керек. Екеуінің қай жеңгені Фьюримен рингте жолдары түйіседі деп ойлаймын. Өз басым Александр Усиктің жеңгенін қалаймын.
Жарнама