Бокс
6 мамыр 2021 09:55
 
"Альварестің командасы қорқып отыр". WBO чемпионы "Канелоны" жеңуі ықтимал екені айтылды

  Пікірлер

blog.share

"Альварестің командасы қорқып отыр". WBO чемпионы "Канелоны" жеңуі ықтимал екені айтылды Сурет: AllBoxing.ru

Суперорта салмақта WBC және WBA титулдарына ие Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) үшін ең қауіпті адам WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) қана. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Fightmag.com журналисті Франко Луччи осындай пікір білдірді.

Сарапшының сөзінше, британиялықтың жұдырықтасу стилі мексикалықтың мықты жақтарын қолдаунға мүмкіндік бермейді.

"Бұл үлкен айқас. Альварестің командасы Сондерстен қорқып отыр. Олар рингті кішірейтіп, британиялықты барынша кеңістіктен айырғысы келеді. Жылдамдық пен ептілік Биллидің басты артықшылығы. "Канело" қарсыласына кеңістік пен бұлтаруға мүмкіндік бермей, қысым жасауға тырысады. Сондерспен бұлай ету қиын. Ол осы дивизионда "Канелоға" қауіпті жалғыз боксшы. Бұл Головкинмен айқастан кейін Альварес үшін өте ауыр сын болады. Әлбетте оның басымдығы бар. Алайда Сондерс өзінің ең мықты боксын көрсете алса, нәтиже басқаша болуы да ықтимал", - дейді Луччи. 

"Канело" мен Сондерс кездесуі 8 мамыр Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өтеді. 
 
Жарнама

Живи спортом!