Келесім жасалды, алайда, короновирусқа байланысты көптеген жекпе-жек өткізілмей жатқандықтан бұл туралы ресми хабарланбады. Осы аптада промоутерлер "Канело" - Сондерс жекпе-жегі туралы ресми құлақтандырады, бірақ, оның өтетін күні белгісіз болып қала бермек.
DAZN стриминг қызметі "Канело" мамырға қарсылас таңдамай тұрып, Головкинмен үшінші жекпе-жек бойынша келісімшартқа қол қоюды ұсынған.
DAZN жетекшілерінің бірі Джон Скиппер Сан-Диегоға жеке барып, Альваресті осындай келісімшартқа көндірген. Головкиндікінен айырмашылығы "Канелоның" DAZN-мен келісімінде үшінші жекпе-жек туралы шарт жоқ болған екен. Сондықтан платформа бұл мәселе бойынша бөлек келісім жасауына тура келген.
"Канело" өз кезегінде Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу үшін кепілді 35 миллионнан артық төлем сұраған. Оның үстіне мамырдағы аралық жекпе-жегінде басында келіскендей Смитпен емес, Сондерспен кездесуді талап еткен.